Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шашының түсін өзгерткен Аша Матай жанкүйерлерін сүйсіндірді

Жаңа маусым – жаңа шаш үлгісінен! Аша Матай ұзақ жылдардан бері алғаш рет шашының түсін сарыға өзгертіп, желідегі оқырмандарын сүйсіндірді. Әдетте жаңашылдықты оңды қабылдай бермейтін желі фолловерлері бұл жолы Ашаға жылы лебіздерін жаудырған, деп жазады Stan.kz.

Аша Матай

Желіде оқырмандар саны бойынша әпкесі Баяннан қалыс қалмайтын Аша күні кеше жаңа шаш үлгісін көрсетіп, оқырмандарының пікірін сұрады.

Бұл орайда желі белсенділері жаңа шаш үлгісі Ашаны жасартып тұрғанын атап өткен.

“Аша, осы түс әдемі жарасады екен, өте әдемі”, “Өте жарасып тұр, өмірің де жақсы жаққа өзгереді енді”, “Осылай жас көрінесіз”, – деп жазған желідегілер.


Талқылау