Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шашың ағарып кетіпті": Тәуекел Мүслім қандай сынға қалды?

Тәуекел Мүслімнің ашық сахналарға еті үйренген. "Я пышка" картинасында тырдай жалаңаш жігіттің рөлін сомдаған актердің бұл алғашқы ашық сахнасы емес. Тәуекел қырғыз әншісінің клипінде сезімін ашық көрсетуден тайсалмаған.

Тәуекел Мүслім

Бұл туралы Stan.kz "Алматы" арнасының "Папарацци" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қырғыздармен жұмыс істедік. Бір әнші қыздың бейнебаянына түстім. 2-3 жыл бұрын. Сахна сондай болды, екі жастың арасындағы махаббат, жігіт қыздың көзіне шөп салады ма, нақты есімде жоқ", – дейді Тәуекел.


Тәуекел Мүсілім: Өзіңнен үлкен әйел алсаң, уақыт өте айырмашылық білінуі мүмкін


Мұндай сахналардан кейін актерге келетін хаттарда шек болмайды. Алайда сыни пікірлерге Тәуекел немқұрайды қарайтынын айтады. Себебі:

"Өзім түскен клиптердің пікірлерін оқымаймын. Әрдайым сын жазады. Сыннан ешкім сақтанған емес. "Мұрныңыздан нүкте шығып қалыпты", "артық шашың шығып тұр", "шашың ағарып кетіпті, қартайып кетіпсің", "түймеңнің түсі неге көк, ақ?" деген сияқты жаза береді. Мін іздеймін деген адамға табылады ғой", – дейді Мүсілім.

Назгүл Әбушәріпқызы
Сейсенбі, 13 Шілде, 2021 07:04
Талқылау