AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шашымнан сүйреп, тепкіледі": Алматыда ер адам жатақханаға кіргізбегені үшін вахтерді аяусыз ұрып-соққан

Алматыда студенттер жатақханасының вахтері соққының астында қалды. Белгісіз азамат "бөтен адамға кіруге болмайды" деген егде әйелдің сөзін құлағына ілмей атыла кеткен. Тіпті  шашынан сүйреп бірнеше қайтара ұрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  КТК арнасына сілтеме жасап. 

Болған жайт бақылау камерасына толық түсіп қалған. Видеода ер адамның кіре сала, кіреберісте кезекші отырған бөлмені тепкілеп, артынша ішіне кіріп аяусыз ұрып жатқанын көруге болады. Бұл сұмдықты жатақхана тұрғындары көріп араша түскен. Бұзақыны полиция келгенше сыртқа шығармай ұстаған.

“Алдымен бетімнен ұрды. Лезде ісіп кетті. Сосын шашымнан сүйреп жерге жатқызып тепкілей бастады. Қолымен де соққылады. Не болып жатқанын аңғарып үлгермедім. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар болмаса, сау тамтығым қалмас еді”, – дейді жәбірленуші Күләш Омарова.



Жәбірленушінің айтуынша, о баста күдіктіге әкімшілік іс қозғаған. Тек шу шығарғаннан кейін ғана ол қылмыстық іске өзгертілді. Полицейлер кінәлінің аты-жөнін анықтады. 30 жастағы жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.  

“Аталмыш жайтты Алмалы ауданы полиция басқармасы тергеп жатыр. Сотқа дейінгі реестрде ҚК 107 –бабымен тіркелді. Алған жарақаттың зардабын нақтылауға сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оның қорытындысымен тиісті шешім қабылданады”, – Алматы қаласы ПД ресми өкілі Евгений Лысенко.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр