Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаршадым: Сиви Махмуди продюсерлік жобаларымен қош айтысты

«Қанша қаржы салсаң да еңбегіңнің еш кеткені жаман», – дейді Сиви. Осы уақытқа дейін өнерлі жастарды қолтығынан демеп келген Махмуди, шәкірттерінің шектен шыққанын жеткізді. Продюсер өзіне мінез көрсеткен жобаларын қалай жазаламақ?!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Сиви жетекшілік ететін «Саламат» тобы, әнші Лара және Айдарбек Рысбек продюсерімен ат құйрығын үзіскен. Бұрындары қаржы мәселесіне бас қатырмайтын жастар, бүгінде өз бетінше еңбектеніп жүрген көрінеді. Ал, соңғы  шешімді қабылдау Махмудидің мойынына жүктеліпті.

“Шыны керек жобаларымнан шаршадым. Бірінші рет айтып тұрмын. Өйткені, қанша жылдан бері жоба-жоба деп өзімді ұмытып кеттім. Бүкіл ойым, жүрегім, уақытым барлығы сол жобаларыма кететін. Бірақ, барлығы түсінбейді екен. Арасында ренжітетіндері бар. Арасында түсінбей, мінез көрсететіндер бар. Сонымен бәріне сабақ болсын деп, барлығын қазір жібердім”, – дейді Сиви.

Бұл бір-бірімен тіл табыса алмаған қос тараптың шешімі. Ал, қол астындағы қыз-жігіттермен қош айтысқан продюсер, жұмыс жасаған мерзім ішінде жобаларынан пайда таппағанын айтады.

“Мен негізі қатал продюсер емеспін. Өте ақ көңіл, қолы ашық… Әрбір продюсер мендей-ақ болсын. Мендей продюсер жоқ деп білемін. Менде табыстан гөрі, шығын көп. Табыс тапқан да емеспін. Бар болса да өздерінен артылмайды. Көптеген қаржы кетті оларға”, – дейді Сиви.

Бұрындары жобаларын жарнамалап, жастардың көлеңкесінде қалатын Сиви, қазіргі таңда өзінің әншілік мансабын мықтап қолға ала бастапты.

“Қазір күшті болып қалдым. Қазір «жұлдыз» болып жатырмын ғой. Сезіп жатқан шығарсыздарк, түсірілім, концерттен қалмаймын. Бұрын жобаларым деп бармайтын едім. Өйткені, мені шақырса, аузымнан жырып соларды тығатынмын. Мені шақырмай-ақ қойыңыздаршы, менің жобаларым деп”, – дейді Махмуди.

Ал, келер жылдың көктемінде «Сиви мен сахна» атты 10 жылдық шоу концертін өткізуді жоспарлап отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас жарымен бірге Лилия Рахтың сән кешіне қатысты

Қазақтың халық әнін шырқаған америкалық ару дүйім жұртты сүйсіндірді (видео)

Мейрамбек Бесбаев “Жекпе-жек” жобасын әділетсіз деп сынаған жұртқа жауап берді

45 жасында тұрмысқа шыққан Гаухар Әлімбекова жарымен қалай танысқанын айтып берді

Талқылау