Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шәріп Серік ЖИ-де Бишімбаевпен бірге отырған видеоны жасаған авторға арыз түсірген: Іс қалай аяқталды

Фото: ЖИ

Актер Шәріп Серіктің Қуандық Бишімбаевтың қасында отырған сатиралық видеосына қатысты іс қозғалған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұрынғы сүйіктісіне қол көтеріп, басы дауға қалған актер Шәріп Серік жасанды интеллект арқылы өзін Қуандық Бишімбаевтың қасына отырғызып, видео жасағандардың үстінен арыз жазған еді.

Полицейлер видеоның авторы, контентмейкер Арман Тұрлыбековтің жұмысын тексерді. Ол мұны Шәріп Серіктің бұрынғы ғашығы зорлық-зомбылық туралы хабарлаған соң жасаған. Видеоның астына ол "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ" деп жазды.


"Әйелдерді қорлап, күліп отыр": Серік Шәріптің бұрынғы сүйіктісі актердің Елікбаевқа берген сұхбатына пікір білдірді


"Агрессорды ақтап, зомбылықты насихаттады": Серік Шәріптен сұхбат алған блогер Әлішер Елікбаев жұрттың ызасын тудырды


Шәріп Серіктің айтуынша, жасанды интеллект арқылы жасалған видео оның ар-намысына тиді. Актер өзін Бишімбаевпен салыстыру орынсыз деп санайтынын және оның "екінші Бишімбаев бола алмайтынын" атап өтті, өйткені "бұл – оның өмірі, тағдыры және қатесі".

Полиция видеода жеке өмірге қол сұғылмаушылық немесе басқа құқықбұзушылықты анықтаған жоқ. Өтініш "қылмыс белгілерінің болмауына байланысты" қараусыз қалды.

Айта кетейік, Әлішер Елікбаевқа берген сұхбатында актер Шәріп Серік Бишімбаевпен бірге бейнеленген видеоға байланысты арыз бергенін растады. Алматы полиция департаменті осы іске қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 17 Маусым, 2025 13:43
Талқылау