Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шарында сел ағызып кеткен қызды аман алып қалған құтқарушылар марапатталды

Шарын шатқалындағы 10 жасар қызды құтқаруға қатысқан 20 адам төтенше жағдайлар министрлігінің алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шарын мемлекеттік ұлттық паркінің гид-экскурсоводы Ернар Жүнісов Шарын өзенінің жағасында сел ағызған қызды бірінші болып байқады. 

Қызды құтқару жұмысына бірқатар құтқарушылар атсалысты. 

Құтқарылған 10 жасар қыз дәрігерге дейінгі Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін тікұшақпен Боралдай кентінің әуежайына жеткізілді. 



Іздестіру-құтқару жұмыстарын сәтті орындағаны үшін Шарын мемлекеттік ұлттық паркінің гид-экскурсоводы Ернар Жүнісов, Алматы облысы ТЖД ЖҚЖ сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің басшысы Сергей Синяков, "Қазавиақұтқару" АҚ  пилот-нұсқаушысы Андрей Бухал марапатталды. Сондай-ақ Ұйғыр ауданының ТЖБ бас маманы Ринат Аблемитов, РЖҚЖ құтқарушылары Мұқанғали Қабылов, Бейсенғали Дүйсебаев, Вячеслав Смолов, Салтанат Назимова, Бекжан Қарағушинов, Вячеслав Шегер, Юсуф Жакан, Біржан Байкулов, Мақсұт Серғазин, Любовь Ефремова алғыс хаттарға ие болды. Және де Ұйғыр ауданының жедел медициналық жәрдем бригадаларының қызметкерлері Данияр Нүсіпалиев, Берікбол Мақтыбаев, Гүлнар Қожа, Яршат Махамбет, Ұлан Бағдатов марапатталды.

Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам із-түзсіз жоғалғаны, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын. Шарындағы селден аман қалған қыз қалай құтқарылғанын айтып берді.

Талқылау