AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шаншар" әзіл-сықақ театрының актрисасы өзінен жас жігітке тұрмысқа шықты

“Шаншар” әзіл-сықақ театрының актрисасы Күннұр Қалмырзаева өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шықты. Актриса сүйген жарын көпшілікке жария етті. 

Күннұр Қалмырзаева бір жыл бұрын тұрмысқа шықты. Актриса Нұрбол есімді жасы кіші жігіттің етегінен ұстады. Желі қолданушылары мұнысын құптаған жоқ. Енді бірі мұның тағдыр екенін айтып, бақыт тілеп жатыр. 

Актрисаның өзі желіде жолдасы екеуінің суретін жариялап, сезімін білдіріп тұрады. Айтуынша, жолдасы көпшілік көзіне түскенді ұната бермейді.

“Бізге 1 жыл. Махаббат жасқа қарамайды. Жақсы көріңіз, сүйіңіз, сүйікті болыңыз, еркелеңіз, еркелетіңіз. Ол сіздің адамыңыз. Ұрысып қалсаңыз да өз адамыңыз. Қайта татуласуға асығып тұрасыз. Араңыз алшақтап кеткендей жақындауға асығасыз. Сырласыңыз, демеу болыңыз, онымен бірге не болса соны да армандап қиялдаңыз. Жалықпаңыз, қызмет жасаңыз, разылығын алыңыз. Себебі сіздің бірден бір жұмаққа деген үмітіңіз еріңіздің разылығында”, – деп жазды Күннұр Қалмырзаева. 

“Бақытты болыңдар, дұрыс айтасың”, “Баянды махаббат тілеймін”, “Құтты болсын, ұзағынан мәнді-сәнді болсын”, “Құтты болсын. Бастарың көбейсін”, “Мәңгі бірге бақытқа қол ұстасып, ғұмыр жасқа шейін махаббаттарыңыз көркейе берсін”, “Мәнгілік болыңдар, құдай қаласа”, “Күн әпшем, сіздер үшін қуаныштымын. Құтты болсын. Махаббатарыңыз мәңгі болсын”, “Бақытты болыңдар, келінжан, Аллаһ етегіңе беріп, Айшаның бауырлары көбейсін!”, – деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, Күннұр Қалмырзаева 1979 жылы Арыс қаласында өмірге келген. Түркістанда өнер факультетін тәмамдаған. Отандық бірнеше фильмдер мен сериалдарда ойнады. Айша есімді қызы бар. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр