Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шалдың жүйесін өзгерту керек": Мәжіліс депутаты Назарбаевтың отбасы мен жақындарын сынға алды

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүйесін, қыздары мен күйеу балаларын және інісінің "сектасы" туралы айтып, сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Назарбаев коллаж Жанбыршин

"Әділ мемлекет құру үшін - шалдың жүйесін өзгерту керек! Әділ экономика құру үшін - қыз-күйеудің жүйесін бұзу керек! Әділ қоғам құру үшін - інісінің сектасын жоқ қылу керек", - деп жазды депутат сейсенбі күні желідегі парақшасында.

Айта кетейік, қаңтар оқиғалары кезінде шеруге шыққандар "Шал, кет" деп ұрандатып, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаттан түпкілікті кетуін талап еткен.



Сенаттың экс-спикері Дариға Назарбаеваның күйеуі – Қайрат Шәріпбаев, QazaqQaz-ты қаңтар оқиғасына дейін басқарған – ол кеткеннен кейін ұлттық компанияда 2,2 миллиард доллар шамасында заңбұзушылықтардың бар екені анықталды. Динара Назарбаеваның күйеуі – Тимур Құлыбаев Қазақстанның мұнай-газ бизнесінде салмағы бар тұлға. Әлия Назарбаеваның күйеуі - қаңтар оқиғасынан кейін "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясының басшысы қызметінен кеткен Димаш Досанов.

Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі - кәсіпкер және меценат Болат Назарбаевқа қаңтар оқиғасынан кейін қылмыскерлер мен рейдерлік схемаларға қатысы болуы мүмкін деген айып тағыла бастады.

Талқылау