Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Абас-шахтың қызы АҚШ-та тұрмысқа шықты

Белгілі продюсер, журналист Серік Абас-шахтың қызы АҚШ-та тұрмысқа шықты. Ғашықтар қуанышын мұхиттың ар жағында атап өтті. Бұл туралы продюсердің өзі мәлімдеді. 

Продюсердің тұңғышы АҚШ-тың Аризона штатында тұрмысқа шықты. Ата-аналары қазіргі пандемияға байланысты қос ғашықтың қуанышына бара алмаған. Есесіне онлайн бата беріп, ақ тілегін айтты. 

"Тұңғышым тұрмысқа шықты. Мұхиттың ар жағында өткен тойға онлайн қатысып, ақ батамызды бердік, ақ тілегімізді айттық. Екі жас бақытты болсын!

Құдай қаласа, (құжат визаланса), бала-шаға мен туған-туысты ертіп, Аризонаның ыстығында екі қолды жайып, нағыз “южандарша” билеп-тойлап, дүрілдетіп қайтамыз ба деп үміттеніп отырмыз, келесі жылы", - деп жазды Серік Абас-шах


Серік Абас-шах: Бекболат Тілеухан маған "Меккеге барғанда саған қарсы дұға оқыдым, сені аяғыма жықсын деп сұрадым" деді


Продюсердің қызы Тоғжан Серікқызы Әділет есімді қазақ жігітінің жары атанды.

Желіде оқырмандары құтты болсын айтып, қуанышқа ортақтасты. 

"Құтты болсын. Екі жас бақытты болсын. Ата-ана үміті ақталсын", "Құтты болсын! Бағы ашылсын! Балалары көп болсын!", "Құтты болсын, құдай қаласа келесі жылы бесік тойға дайындалып барыңыздар", деп жазды желідегі оқырмандары.

STAN.KZ
Жексенбі, 20 Желтоқсан, 2020 12:43
Талқылау