"Сенсіз өткен 40 күн": Бағым Мұхитденова жолдасының қазасынан кейін ел алдына шықты
Танымал музыкант, продюсер Бағым Мақсатқызы жолдасының қазасынан кейін сахнаға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі әпкесі Баян Мақсатқызының шоу-мюзиклінде өнер көрсетті. Одан кейін жеке парақшасында марқұм жолдасына арнап, жазба жариялады.
"Сенсіз өткен 40 күн. Әрине, кейінірек таңертең ерте тұрып жақсы көңіл-күймен, бақытты боламын, күлімдеп, қуанамын! Алла Тағала ғұмыр бергенше өмір сүремін! Мен көктем мен жақсы ауа-райына риза боламын, әртүрлі ұсақ-түйектерге және басқалардың барлығына қуанатын боламын, бірақ бүгін емес, өйткені бүгін мен сені мәңгілікке шығарып салып жатырмын", – деп жазды музыка саласының өкілі.
-
Бағым Мұхитденова: Күйеуіме мен емес, құрбым ұнап қалған сияқты
-
Маған қарапайым дизайн ұнайды: Бағым Мақсатқызы үйін көрсетті (фото)
Желі қолданушылары продюсерге ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
“Бекем бол, Бағым”, “Әпкеңіз шоу өткізіп жүр ғой”, “Иманы саламат болсын”, “Қырқы өтпей жатып, неге сахнаға шығып жүр. Қазақша тәрбие алмағанның бір дәлелі ғой осы”, “Адамды тірі кезінде бағаламаймыз”, “Көзіме жас алып отырып, тыңдадым”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, қайғылы хабарды продюсер Баян Мақсатқызы жеткізген еді.