"Сенен айырылып қалам деп қорықтым": Айдана Меденованың күйеуі әйеліне арнап ерекше жазба жариялады
Фото: https://www.instagram.com/nurzhanovalisher
Әншіліктен дінге бет бұрған Айдана Меденованың жолдасы Әлішер Нұржанов ерекше жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі үшінші сәбиін дүниеге алып келгенде өлім аузынан қалған.
“Менің Ханиым! Менің кенже қызым. Менің бесінші балам. Өмірінің алғашқы минуттарын менің кеудемде өткізген жалғыз бөпем. Біз оны жоспарламадық, бірақ Айдананы жоғалтып ала жаздадық. Қазір соны күліп еске аламын. Бірақ сол сәтте қатты күйзелдім. Жұбайымды перзентханаға алып келдім. Бәрі қалыпты еді. Қызыммен кездесуге дайындалып отырмын. Айдана процедураға дайындалып жатыр еді. Кейін дәрігермен бірге кабинетке кіріп кетті. Мен сыртта күттім. Бір кезде бас дәрігер: “Операциялық бөлмені дайындаңдар!” деп айқайлады. Анестезиолог кіріп келді, бәрі көз ілеспес жылдамдықпен болып жатты. Кезекші қызметкер мені сыртқа шығарып:"Барлығы жақсы болады. Күтіңіз," – деді. 15 минуттан соң маған Ханифаны алып келіп, кеудеме жатқызды. Ал Айдана сол сәтте ес-түссіз, жедел операциядан кейін жатқан еді. Алланың қалауымен бәрі жақсы аяқталды”, – деп жазды Әлішер.
-
"Мектепке хиджабпен кедергісіз кірді": Танымал журналист Айдана Меденованың қызын сынады
-
Әнші Айдана Меденова блогерлерге оранғаны үшін ақша төлейді деген әңгімені жоққа шығарды (видео)
Еске салайық, Айдана Меденованың мектепте оқитын қызы хиджаб киген еді.
"Әр күн Алланың сыйы екенін ұмытпа”, – деп жазды әнші фотоның астына.
Кейбір қолданушылар қыздың мұндай таңдау жасау үшін тым жас екенін және оның жасындағы балалар еркін болуы керек екенін жазды.
"Қызға неге орамал тағып қойған? Баланың балалық шағы болуы керек”, “Өз таңдауларын балаға жүктегені қалай? Мұның не керегі бар?” – деп жазды желідегілер.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
