Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенат спикері президентке ұйымдастырылған қастандыққа қатысты пікір білдірді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев президентке қастандық ұйымдастырмақ болған шетел барлау агентіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

агент

Сенат кулуарында Әшімбаев тұтқындалған азаматтың аты-жөніне қатысты сауалға жауап берді.

"Telegram-арналарда осындай ақпарат тарағанын білемін. Бірақ бұл ақпаратты әлі Ұлттық қауіпсіздік комитеті бізге осы шындық екен деп айтқан жоқ. Бізге оның кім екенін анықтау керек, әзірге ресми мәлімет алған жоқпыз. Сондықтан бұл адам туралы ақпарат ресми жарияланғанда, істің қалай және не үшін болғанын білеміз. Сол кезде бұл сұраққа жауап береміз", - деді Мәулен Әшімбаев. 

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында президентке және бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерге қастандцық жасауды жоспарлаған шетел барлау агентін ұстағанын мәлімдеген едік. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 07 Сәуір, 2022 11:25
Талқылау