Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенат депутатығы үшін бір орынға 5 үміткер таласады

Бүгінгі күнге дейін сенат депутаты болуға 88 адам ұсынылған. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында ведомство басшысы Берік Имашев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сенат

"Депутаттардың сайлау науқаны басталғалы бері бүгінге дейін 88 адам ұсынылды. Орташа алғанда бір депутаттық орынға бес адам үміткер болып тұр. Ұсыну мерзімі 12 шілде күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Ұсыну кезеңінің соңғы қорытындыларын жеке отырыста қарастырамыз", - деді ол.

Бқған дейін сенат депутаттығына үміткерлерге бюджеттен 450 мың теңге бөлінетіні белгілі болды.

Айта кетейік, Қазақстан сенатына сайлау 12 тамызда өтеді.  Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 23 шілдеде сағат 18-де аяқталады.

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Маусым, 2020 17:14
Талқылау