Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Кешью, жержаңғақ, орман, грек және кедр жаңғақтары денсаулыққа пайдасы мол деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жаңғақтар

Жаңғақтардың бұл түрлері минералдар мен дәрумендерге бай көрінеді. Атап айтсақ, жаңғақтардың құрамында калий, магний, калций және фосфор, темір, марганец, кобальт пен В1, В2, РР, Е дәрумендері,Омега-3 кездеседі. Десек те, зерттеушілер жаңғақтардың аса жоғарғы калориясын ұмытпаған жөн деп ескертеді.

Жаңғақтарды жиі тұтыну обыр дертін және жүрек-қантамырлар жүйесінің ауруларын болдырмауға көмектеседі. Ал олардың дәрумендік қасиеттерін арттыру үшін, жаңғақтарды сүттен және еттен әзірленген тағамдарға және тәтті десерттерге араластырып жеген әлдеқайда дұрыс. 

Балдың ағзаға пайдасы: Бал жеудің 8 себебі >>>

Осы жылдың қыркүйек айында АҚШ-тың Гарвард университетіндегі зерттеушілер, күнделікті жаңғақ жеу семіздік пен оған қатысты аурулардың алдын алуға септігін тигізеді деп хабарлаған болатын. Олардың айтуынша, жаңғақты шайнауға адамның біраз энергиясын жұмсайды, ал құрамындағы нәруыздың көп болуы, ағзадағы тоқтық сезімін ұзақ ұстап тұрады. 

Талқылау