Семейліктер Астанада өтетін әскери шеруді тамашалауға жиналды
Семейліктер Астанада өтетін әскери шеруді тамашалауға жиналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгін Астанадағы "Қазақ елі" алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді.

Семейліктер әскери шеруді тамашалау үшін облыс орталығындағы Арбатқа келді. Ардагерлер, облыстық мәслихат депуттары, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар алаңқайға қойылған LED-экранның қасына жиналды.

Айта кетейік, Елордадағы Әскери парадқа қатысуға Абай облысынан 16 адамнан құралған делегация аттанды. Оның ішінде тыл және еңбек ардагерлері бар.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген