Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейлік полиция қызметкерлері жас отбасының гендер патиіне қатысты

Семейлік жас отбасы жақындарының басын қосып, көпір астында гендер пати ұйымдастырды. Отбасылық шарада тәртіп сақшылары да бой көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Полиция қызметкерлері Білім күні көпір астында қоғамдық тәртіпті сақтап, қызметте тұрған еді. Ерлі-зайыпты болашақ сәбиінің жынысын анықтау үшін дәл сол орынды таңдаған. Жас отбасы тәртіп сақшыларына шараға қатысуға ұсыныс жасады.

Ер адам қолындағы білтесін тұтандырғанда одан көк түсті түтін шықты. Ерлі-зайыптының ұлды болатынын білген жақындары мен полиция қызметкерлері жас отбасыны құттықтады. 



Бұған дейін Aii мен Adil гендер пати жасап, оқырмандарын қуанышты жаңалықпен сүйіншілеген еді.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 02 Қыркүйек, 2024 08:57