Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық экс-педагог бетке шапалақ беруден әлем чемпионы атанды

шапалақ беру жарысы

Видеодан скриншот

Семейлік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бетке шапалақ беруден әлем чемпионы атанды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Танымал америкалық шоуда Зәкір Найманбаев қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Жарыс Жаңа Орлеанда өтті. Финалда 31 жастағы қазақстандық ұстаз жергілікті боксшымен кездесті. Зәкір шапалақпен ұрғада, ол орнынан тұра алмай қалды. Бұған дейін Найманбаев Эр-Рияд пен Лас-Вегаста шапалақ беру жарысына қатысты. Ол арнайы манекенді ұрып жаттыққан. Асқабақты, қарбызды жарып көрген. Оның үстіне Зәкір гір көтеруді жақсы көреді. 


"Бұрынғы сүйіктісінен шапалақ жеткізген": Қазпоштаның жарнамалық ролигі желіде қызу талқыға түсті


Франция президенті Макронды әйелі бетінен шапалақпен салып жіберген (видео)


Жеңімпаз спортшыны семейліктер қарсы алды. Найманбаев әлі ақшалай сыйлық болмағанын айтады. Найманбаев өткен жылдан бері мектепте жұмыс істемейді. 

“Power Slap – күшті шапалақ. Мұнда сіздің қайсарлығыңыз сыналады делік: қарсыласыңыздың соққысына төтеп бере аласыз ба, жоқ па? Жаңа Орлеанға келгенімде, маған екінші кезекте шығатынымды айтты. Бірінші қарсыласым мені ұрды. Мен соққыға төтеп беріп, оны нокаутқа түсірдім”, – деді спортшы Зәкір Найманбаев.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 22 Шілде, 2025 17:15
Талқылау