Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде екі ай бұрын жоғалып кеткен 13 жастағы қыз Астанадан табылды

Семейде екі ай бұрын жоғалып кеткен 13 жастағы Алина Арасланова Астана қаласынан табылды. Алдын ала деректер бойынша ол елордаға өзінің жігітімен кетіп қалған.

Bezymyannyy-100-768x495

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

13 жастағы қыз маусым айының басында із-түссіз жоғалып кеткен еді. Кейін еріктілер мен полицейлер қызды іздеуге кіріскен.

“Қызды іздеудің барлық қажетті шаралары ұйымдастырылғанымен, алайда барлық дерек оның туған қаласынан кетіп қалғанын айғақтап тұрды. Полицейлерді түйсігі алдамапты, біраз күн бұрын жасөспірім Астанадан табылды. Оның жағдайы жақсы. Қыз ата-анасына тапсырылды”, – деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Алдын ала деректер бойынша, жасөспірім қыз ата-анасынан әдейі жасырынған. Тағы бір дерек бойынша, ол өзінің жігітімен Астанаға тартып отырған.

Оқи отырыңыз:

Дін істері министрі: Шетелде алған діни білім елімізде қызмет етуге жарамайды

Ақтөбеде Әнұранға құрмет танытпаған сақалды жігіттер елдің ызасын келтірді (видео)

9 жасында жездесі зорлап, кейін туған нағашы атасы қорлаған қыз әділдікке жете алмай жүр

Астана стоматологиясында тіс жұлдырған ер адам есінен танып қалды

Талқылау