Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде жоғалып кеткен оқушы қызды екінші апта қатарынан іздеп жатыр

Өткен аптаның ортасында қала сыртындағы саяжайға кетіп қалған 13 жастағы Алина Арасланова сол уақыттан бері үйіне қайтып оралмады. Қазір қызды іздеумен полицейлер және еріктілер белсенді түрде айналысып жатыр.

Безымянный

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Еріктілердің айтуынша, қыз 13 маусым күні жоғалып кеткен.

“Ол із-түссіз кетерден аз уақыт бұрын әжесінің карточкасынан банкомат арқылы ақша алған. Оның әрі қарай қайда кеткені белгісіз. Қыздың өзінен бірнеше жас үлкен жігіті бар екені туралы ақпарат түсті. Алина соның ықпалында болуы әбден мүмкін,” – деді ерікті Евгений Павел.

ШҚО ІІД хабарлауынша, полицейлер қызды іздеуді еш тоқтаусыз атқарып жатыр.

“Ата-анасынан шағым түскен сәттен бастап, полицейлер бірден іздеу шараларына кірісті. Алайда әзірге іздеу нәтиже бермеді”, – деді баспасөз қызметі.

Алина Арасланова қара түсті кофта, көк джинсы және ашық түсті аяқ киім киген. Кімде кім оқушы қыз туралы ақпарат білетін болса мына телефон нөміріне хабарласа алады: 8(747)349-57-17.

Талқылау