Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде анасы мен баласы автобустың есігіне қысылып қалған

Семейдегі қоғамдық көліктердің бірінде анасы мен баласы есікке қысылып қалған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

автобус

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше автобус жүргізушісі жолаушылардың барлығы ішке кіргенін тексерместен есікті жауып тастаған. 

“Салдарынан 7 жасар бала есікке қысылып қалған, ал жүргізуші қозғала бастаған кезде баланың денесі толығымен сыртта қалып кеткен. Осылайша ол баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді", – делінген хабарламада. 

Полиция 5 ақпанда Hyundai автобусының 56 жастағы жүргізушісіне қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлімдеді. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 06 Ақпан, 2023 12:19