Семейде әлдекімдер полиция бөлімшесінің жанында ер адамды пышақтап кеткен
Видеодан скрин
Семейде полиция бөлімшесінен бірнеше метр жерде үш ер адам жергілікті тұрғынды аяусыз ұрып, пышақтап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде үш ер адамның бір азаматты жабылып ұрып, тепкілеп, пышақпен соққы жасаған сәті түсірілген видео тарады. Оқиға Семей қаласының полиция бөлімшесінен небәрі 25 метр жерде болған.
Полиция мәліметінше, шабуыл жасағандардың екеуі ұсталып, үшіншісі іздестірілуде.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшіншісінің жүрген жері анықталуда", – деп мәлімдеді Абай облыстық полиция департаментінде.
Жәбірленуші тірі, ол ауруханада жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал жеке араздықтың салдарынан болған.
Еске салсақ, осыған дейін Астанада ер адам бірге тұрған әйелді баласының көзінше пышақтап өлтіріп, артынша 25-қабаттан секіріп тірі қалғанын жазғанбыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген