Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде 4 жасар бала терезеден құлап кетті

Семейде 4 жастағы бала 5 қабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды obvk.kz сайтына сілтеме жасап.

терезе

22 мамырда Семейдегі 1-шағын аудан аумағында жан түршігерлік оқиға болды. Сағат 12.30 шамасында 2019 жылы туған бала 4-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, сәби терезе торына сүйеніп, онымен бірге төмен қарай ұшып кеткен.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келді. Көптеген жарақат алған сәби шұғыл түрде облыстық аурухананың балалар бөліміне жеткізілді.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 22 Мамыр, 2023 21:52
Талқылау