Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен бес мыңнан аса қазақстандыққа жәрдемақы беріледі
Семей ядролық сынақ полигонына қатысқан не одан зардап шеккен бес мыңнан аса қазақстандыққа ақшалай немесе заттай көлемде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көмек Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толу датасына орай жүргізіліп отыр. 1996-2020 жылдар аралығында аталған өтемақыны 16,4 млрд теңге сомасында 1,1 млн-нан астам адам алды.
Бұл көмекті Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтар ала алады. Оларға ядролық сынақтарға тікелей қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ ядролық қаруды сынау салдарынан мүгедек болған адамдар және ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары жатады.
Жоғарыда аталған санаттағы азаматтар ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алады:
- ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 6,19 айлық есептік көрсеткіш (18 057 теңге) ;
- аурудың, мүгедектіктің ядролық қаруды сынаумен себепті-салдарлық байланысы болса – 7,55 айлық есептік көрсеткіш (22 024 теңге).
Төтенше экологиялық жағдайлар салдарынан, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар жүргізу кезіндегі радиациялық әсерден, олардың салдарынан алған мүгедектігі бар адамдарға себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады:
- Қазақстанда 2022 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақының көлемі артады
- "Жедел-жәрдем шақырудан қорыққан": Шымкентте үш баланың анасы күйеуінің өліміне кінәлілерді таппай жүр
- I топ – 2,81 ең төменгі күнкөріс деңгейі немесе 91 797 теңге;
- II топ – 2,40 ең төменгі күнкөріс деңгейі немесе 78 403 теңге;
- III топ – 2,01 ең төменгі күнкөріс деңгейі немесе 65 663 теңге.
Бұрынғы Семей облысының аумағында және Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының полигонға іргелес аудандарында тұратын және тұрған азаматтар үшін ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы ақшалай өтемақы көзделген.
Белгілі болғандай, өтемақы мөлшері тұратын аймағына, кезеңіне және өтемақы берілген күні қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шамасына қарай жеке айқындалады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
