AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Саясиландырмауды сұраймын": Тоғжанов Конституцияда мемлекеттік тілді ғана қалдыруға қатысты пікір білдірді

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Конституциядан орыс тілінің мәртебесін алып тастап, мемлекеттік тілді ғана қалдыру туралы талапқа пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоғжанов

Тоғжановтың сөзінше, кей қазақстандықтар осындай талаптарды айтқанымен, әзірге мұның еш қажеті жоқ.

"Мемлекеттік мәртебесі бұрын белгіленген. Бұл саяси сұрақ емес, туған тілді тереңінен зерттеу сұрағы. Мен елдегі барлық азаматтардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін білуі керек екеніне сенімдімін. Азаматтар 7 мың шақырым ортақ шекарасы бар тарихи көршімізді, орыс тілін білу керек. Ел халқы келешекте ағылшын тілін де меңгеруі қажет. Сондықтан мектептердегі бірнеше тілді оқыту дұрыс бағыт деп есептеймін", - дейді ол сенат кулуарында. 



Вице-премьер тілдерді білу арқылы адамдар байып, білімі толыға түсетінін атап өтті. 

"Бұл сұрақты саясиландырмауды сұраймын", - деп түсіндірді Ералы Тоғжанов. 

Айта кетейік, бұған дейін WhatsApp мессенджері арқылы "Қазақстанда орыс тілінің ресми статусын алып тастамақ" деген ақпаратқа қатысты Мәжіліс депутаты Қазбек Иса пікір білдірген еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр