Саяси таңдауым өзгеруі ғажап емес: Ербол Мәндібек El Tiregi партиясынан ресми түрде кеткенін мәлімдеді
Журналист Ербол Мәндібек El Tiregi партиясынан ресми түрде кеткенін мәлімдеді.
"El Tiregi партиясынан ресми түрде кеттім. Үш ай бұрын осындай шешім қабылдағанымды жасырмай жариялаймын. Бұның саяси, материалдық астары жоқ. Мемлекеттің, қоғамның тұрақты дамуына мен де бір кісідей мүдделімін.
Бұдан былай әлеуметтік жобалармен шұғылданамын. Қоғамның тұрақтылығын нығайтуға қатысты идеяларды іске асырамын.
Ескерту: Осылайша, отбасымның, ағайын-туысымның тілегін орындадым. Маған ең қымбат адамдар. Алдағы күндері танымал ютуберлердің біріне көлемді сұхбат беремін. Сол жерде барлығын ашық, ашып айтамын. Саяси таңдауым өзгеруі де ғажап емес.
Ең бастысы, мемлекеттің эволюциялық жолмен дамуына жан-жақты күш саламын. Құр айқаймен іс өнбейді. Қазақстанда оппозиция бар ма? деген сұрақтан басқасының бәріне жауап беруге дайынмын", - деп жазды Ербол Мәндібек Facebook парақшасында.
"Дұрыс шешім. Енді біраз уақыт табалап күлетіндерге шыдас берсең болды. Олда уақытша. Айтылады, қалады. Әрі қарай бәрі жақсы боп кетеді. Ал енді алдағы істеріңе Алла сәтін салсын! Бас алға, тілекшіміз!", ""Саяси таңдауым өзгеруі де ғажап емес. Саяси қөзқарасы қайда апарады, қызық", "Дұрыс шешім, дұрыс таңдау", - деп жазды желідегі оқырманы.
Ербол Мәндібек 2020 жылдың қыркүйек айында Qazaqstan ұлттық телеарнасынан кетті. Ол он жылдан аса президент пулында хабар таратып, кейінгі үш жылдай уақыт арнайы тілші болған.
Бұған дейін отандық журналист қазақстандық шенеуніктерге арналған VIP ұшақ пен оған кететін шығын туралы айтқан еді.
Журналистің сынына ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі ресми жауап берді. Қазақстандық мемлекеттік БАҚ-тың бұрынғы журналисі әлеуметтік желілерде таратқан Үкімет мүшелерінің ұшу шарттары мен оларды тасымалдау қызметтерінің құны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.
"Мемлекеттік арнада істеу мен үшін ұят": Танымал тележурналист еліміздегі БАҚ туралы

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
