Саясаттанушы сауда орталығындағы сатушының қазақша сауалына жауап бермей дауласқанына ашынды
Белгілі саясаттанышушы желідегі парақшасында “Сулпак” сауда үйіндегі сатушы қыздың қазақша сауалына жауап бермей жанжал шығарғанын айтып ашынды.
Автобуста планшетімді жоғалтып, келесі планшетті сатып алуға Сулпакқа келгем. Планшет бағасы 75 мыңнан 160 мыңға дейін екен. Менеджер сатушыдан планшеттердің сипаттамасы туралы сұрадым, қазақша әрине. Әлгі менеджердің қазақша сауалым үшін “скандал” жасағаны, деп жазады ол Facebook парақшасында.
“Неғып орысша сөйлемейсіз, біз қазақша сөйлейтіндей қазақ емеспіз. Біз басқа ұлт өкілдеріміз! Елбасы айтты ғой сендерге “орысша сөйлеңдер”, – деп дікіңдегені. Ол ол ма? Елена есімді қыз бір заматта “Вы, что войны хотите?” деп дүрсе қойғанын қайтесіз?!.
Қазақстанның осындай бір дәлдүріштеріне мемлекеттік тілде сұрақ қою соғыс ашумен тең болған заман-ай.
Мен оған бар болғаны тұтынушы ретінде тауар сипатын қазақша түсіндіруді сұрағанымды айттым. Ал, оның жауабы анау. Ақырында, тұтынушылардың арыз кітабын сұрап, болған жағдайды соған жаздым. Бұндай оқиға “Сулпакта” екінші рет болып отыр. Олардың ойынша қазақ тілі тек қазақтарға ғана міндет. Тауар алғың келсе, орысша сөйлеу керек екен.
“Сулпак” басшыларының бұл жағдайдан еш нәтиже шығармайтындары анық. Айтпақшы, мен әлгі планшетті алмадым, бұндай бассыздық жайлаған жерден тауар алып, олардың кәсібін қолдап қайтейін?
Сол күні тағы бір оқиға болды. Мен полицияға телефон шалып, планшетімді жоғалтқаным туралы айттым. Менің телефон арқылы айтқан арызым Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасына түсіпті. Мен өз арызымды қазақша айта бастадым, бірақ, Юлия деген қызметкер маған орысша айтуды талап етті. Мен тек қазақша айтатынымды алға тарттым, ол трубканы тастай салды. Мен қайта телефон соғып едім, арызымды қазақ тілді операторға тіркетті.
Сонда егер де, зәбірленуші қазақша арызын айтса, оның арызы қабылданбай ма? Ия, менің оқиғам жеңіл-желпі ұрлыққа байланысты, ал егерде біреу біреуді соғып немесе тонап жатса, Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасы сіздің арызыңызды қабыладамауы мүмкін ғой, демек?
Бұл екі оқиға Алматы қаласында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде кембағал жағдайда екенін көрсетеді. “Сулпакта” да, Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасында да қазақ тілі мойындалмайды екен. Мен “Сулпак” пен Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасында қазақ тілді тұрғындардың азаматтық шектеу мен дискриминацияға ұшырап жатқанына назар аударамын.
ҚР Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі, ҚР Бас прокуратурасының назарын маңызды фактіге аудармақпын: орыс тілді азаматтардың біразы (этникалық орысы, қазағы, басқасы бар) қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде тек қазақтарға қатысты деп, басқа ұлттарға міндетті емес деп ойлайды.
Жіберіп алмаңыз:
Театрлар басшылары Жаманқұлов жетекшілік ететін Одақтан жаппай шығып кетті
Жұмыртқа жеудің денсаулыққа пайдасы
Семейде жас жігіт ішімдіксіз өтіп жатқан кешке қызу келгені үшін әріптесін ұрып тастады
БҚО-да көше бойында ауыр жараланған ер адам есін жимастан көз жұмды
Қарағандыда дәрігерлер жасөспірімдерге пәктігін сақтау жөнінде дәріс жүргізуде