Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрігерлер жасөспірімдерге пәктігін сақтау жөнінде дәріс жүргізуде

Қарағанды дәрігерлері екінші жыл қатарынан колледждер мен кәсіби лицейлерді аралап жасөспірімдерге дәріс жүргізуде. Олар түсік жасатудың зияны мен ерте жүктіліктің себептерін, жыныстық қатынас жайлы мағлұмат береді.

gimenoplastika

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

«Біз жастармен әңгімелесе отырып олраға фильмдер көрсетеміз. Түсіктің қалай жасалатыны жайлы, өзге де көріністер беріледі. Мұны көруге шыдамаған кейбір қыздар аудиториядан шығып кетеді. Ал, ұлдарды үш ересек баланың әңгімесі қызықтырды. Жыныстық қатынаспен болғанын сөз етіп отырған үш жігіттің бірі қасында отырған жігіттің әпкесімен қайлай болғанын айтып берген. Кейіннен жолдасы оның өз әпкесі екенін аңғаарыды. Ол осыдан кейін ғана өзі істеп жүрген әрекетінің дұрыс еместігін, біреуге жасаған зияның өзіңе тиюі мүмкін екенін, өзге қыздарға өз әпке-қарындасыңдай қарауың керек екенін түсінеді», – дейді дәрігерлер.

Дәрігерлердің зерттеуі бойынша, ауыл жастары жыныстық қатынасқа 15-16 жасында түсе бастайды. Ауылды жерлерде мүшеқаптарды сатып алуға ұялғандықтан онсыз жақындаса береді.

Мамандар жастарды үйленуге дейін жыныстық қатынаспен айналыспау керегін айтып, оның зияндарын түсіндірді. Әлі ресми түрде дәлелденбеген телегония теориясы бойынша әр адам бірнеше адаммен жыныстық қатынасқа түскен сайын зиян шегеді.

«КСРО кезеңінде көптеген оқиғалар кездесті. Мәселен, бір әйел жас кезінде африкалық ұлттың өкілімен жақындасса, оның немересі қара нәсілді болып туылуы мүмкін. Яғни, ген сақталады. Ал жақындасқан серігіңіздің саны көп болған сайын микрофлораның да бұзылып бедеулік пен белсіздікке әкелетіні зерттеліп қойған», – дейді Светлана Владимировна.

Көптеген ауыл жастары ерте жастан төсек қатынасына  түспейтіндерін, пәктігін некеге дейін сақтайтындарын айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Дініміз бойынша жаман түс көргенде не істеу керек

Қазақстандық жүкті әйелдерге смартфон мен ноутбуктан бас тарту ұсынылды

Жүрек талмасы болардын бір ай бұрын адам денсаулығынан мынадай 6 белгі байқалады

62 жастағы әйел сап-сау қызды өмірге әкелді

Талқылау