Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саясаткерлердің алдында сөйлеген Назарбаев аяқ астынан сөзін бөлді

Елордада өткен Astana Club пленарлық отырысында әлдененің қатты даусы шығып, қатысушылардың назары соған ауды. Өз кезегінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жағдайды түсіндіру үшін сөзін бөлді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Саясаткерлердің алдында сөйлеген Назарбаев аяқ астынан сөзін бөлді

«Қазақстан – біздің ядроға қарсы саясатымыз үшін құрметке ие мемлекет», - деді Назарбаев. 

Осы кезде отырысқа қатысушылардың назары әлдененің қатты даусына ауды. Бастапқыда олар не болып жатқанын түсінбей қалды. 

«Бұл шыны жылып, қар еріп кетуі үшін Норман Фостердің (ұлыбританиялық сәулетші – ред.) жобасы бойынша арнайы салынған» - деп күлді Назарбаев.

Отырысқа қатысушылар шыныдан жасалған шатырдың ерекше құрылымына назар аударды. Бірнеше секундтан кейін автоматтандырылған қарды тазалау процесі қайталанды.

«Бұл қалыпты нәрсе», - деді Назарбаев отырғандарды тыныштандырып.

Талқылау