AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %
AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %

Саусақ іздерін тапсыру 2023 жылға ауыстырылды: Тоқаев заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда дактилоскопиялық тіркеуді (саусақ іздерін міндетті түрде тапсыру) 2023 жылға ауыстыруды қарастыратын заңға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұған дейін ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстандағы азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылға ауыстырылатынын мәлім еткен еді.

Министр азаматтардың саусақ іздерін тіркеу жүйесін 2021 жылдың басында енгізу жоспарланғанын, бірақ қаржы тапшылығына байланысты 2023 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылғанын айтты.

"2021 жылы бұған 26 миллиард теңге бөлінуі керек еді, десек те бүгінгі таңда үш мемлекеттік органға жіберілетін 11 миллиард теңге ғана бөлінген. Өкінішке қарай, біз техникалық интеграция мәселесін шешкен жоқпыз. Пандемияға байланысты біздің ведомстводан 15 млрд теңге денсаулық сақтау министрлігіне  аударылды. Сондықтан іске асыру мерзімін 2023 жылға ауыстыруды сұраймыз", – деді ол. 

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап "дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заң күшіне енді. Ол дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауды, өңдеуді және қорғауды қамтиды. Азаматтар жаңа, биометриялық құжаттарды алу процедурасынан өтеді: чип орнатылған жеке куәлік және жаңа үлгідегі төлқұжат.

Заң бойынша 12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға тек олардың келісімімен және ата-анасының немесе қамқоршысының қатысуымен дактилоскопия жасалады, ал 16 жастан бастап саусақ іздерін тапсыру қазақстандықтар үшін міндетті болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр