Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәуле Әбединова Арысқа барар жолда қандай қиындықтар барын айтты

Тележүргізуші Сәуле Әбединова жағдайды көзімен көріп, жағдайда бақылау үшін Арыс қаласына аттанды. Қалаған барар жолда қандай қиындыққа кезіккенін айтты.

Арысқа барар жолдағы қиындықтар:

1. Алматыдағы "Сайран" автовокзалына кеше кешке сағат 18.30 шамасында келдік. Шымкентке автобус 22.05-те жүреді екен. Билет алдық. Үш жарым сағат автовокзалда автобус күтіп отырғанда телефон қуаттайтын тоқ нүктесін іздеп ит болдық. Күніне мыңдаған жолаушы келіп-кетіп, сағаттап автобус күтіп жүрген автовокзалдың бір бұрышында ғана телефон қуаттайтын 4 тоқ нүктесі бар екен. 3 сағат бойы босамады. Бұл шешуі қиын мәселе емес деп ойлаймын. 

2. 22.05-те жүруі тиіс автобус 22.17-бе келіп, 23.15-те жүрді. Күн ыстықта қапырық автобустың ішінде бір сағат қаңтарылдық. Тәртіп, жүйе жоқ жерде осындай болады. 

3. Автобус ескі, жайсыз, бір орындықтың арқалығы ұстамай, шалқайып кеткен, екінші орындық, керісінше, шалқаймайды, тіп-тік қатып қалған. Алдымдағы адам орындығын шалқайтып қорылға басқанда, екі тіземе тіреліп, өзім қақиып, кірпік ілместен келдік...

4. Былтыр күзде Шымкентке келгенімде "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" деген су жаңа күре жол бар сияқты еді, арада 6-8 ай өтпей, сол жолды жер жұтқан ба, таппай қалдым. Түнімен небір ойдым-ойдым жолдармен шоқалақтап, шаң жұтып жеттік...

5. Арыстықтарға ас-су, керекті заттар таратып жатқан қоймадағы ахуалды көрдіңіздер... біздің халыққа ең алдымен тамақ керек пе, ішкі мәдениет, тәрбие, тәртіп керек пе деп ойланып қалдым", - деді тележүргізуші парақшасында.

Сәуле Әбединова Түркістан облысына қарасты Монтайтас ауылында желі арқылы тікелей эфирге шығып, дәрігермен тілдесті. Науқастардың жай-күйін біліп, тұрғындарға қандай көмек керек екенін сұрады. 

"Қазір науқастардың жағдайы жақсы. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жағдайы ауыр науқастарды Шымкент, Сарыағаш қалаларына жіберіп жатырмыз. Осыған дейін үш адамды жібердік. Дәрігер ретінде айтарым, балаларға Nestogen тағамдары керек. Емізулі балалар көп. Сондықтан сүт орнына берілетін тағамдар керек. Ал, жеміс-жидекке тыйым салынады. Одан инфекциялық аурулар, іш өту ауруы болуы мүмкін. Ал, кәдімгі сүтті осы жақын маңдағы мал асырайтын тұрғындар пісіріа әкеліп беріп жатыр", - дейді балалар дәрігері Ордабеков Айтжан Оразбекұлы.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр