Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір күйеуді қызғанып, одан тапқанымыз екі бала": Сәуле Әбділдаханқызы қазақтарды тоқал алуға үндеді

Жамбыл облысы Қордай ауданында 11 адамның өлімімен аяқталған қайғылы жағдай туралы түрлі пікірлер айтылып, әлеуметтік желілерде мұндай оқиғаның қайталанбауы үшін түрлі ұсыныстар да түсіп жатыр. Соның бірі - қазақтың ерлеріне бірнеше әйел алуға рұқсат етіп, этникалық қазақтардың санын көбейту. Белгілі журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы бұл алдағы уақытта ұлтаралық араздықтың болдырмауына әсер етеді деген сенімде.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында: "Біз, қазақ әйелдері, бір күйеуді қызғанып жүріп, одан бар тапқанымыз екі бала болғанда, дұңғандар мен ұйғырлар күйеуіне екінші әйелді қазақтан әперіп, қазақ қыздарын олардың ұрпағын көбейтетін "инкубаторға" айналдырып отыр..." деген жазбасын қалдырып, қыз-келіншектерді "ұрпақ болашағын ойлайтын болса", дұрыстап ойлануға шақырады. 

"Біз қазақтарды көбейтпеу саясатын жүргізген "бір күйеуге - бір әйел" деген кеңестік идеологияның тізгініне жармасып айырылмай жүргенде, күйеуіміздің потенциалды потенциясын қызғанып жүргенімізде, күйеуіне бәйбішесі екінші әйел алып беретін біздің оригинал ата-дәстүрімізді де жатжұрттықтар патенттеп алыпты. Қолды болған атадәстүрімізді кері тартып алайық!", - деп ұсынды Фейсбук белсендісі. 

Stan.kz тілшісі елге танылып жүрген бірнеше арудан осы мәселеге қатысты пікірін біліп көрді.

Кәсіпкер, журналист, тележүргізуші Жанат Бақыт: 

- Қазіргі уақытта бір әйелін баға алмай жүрген еркектер екінші әйелді қайдан бақсын?! Үш еркектің екеуі бір әйелін баға алмай жүр. Бір әйелдің жағдайын жасап, бағып-қақса, әлеуеті жетсе қарсы болмайтын едім. Бірақ өзі баға алмай отырып, екіншіні алуды ойлаудың өзі артық. 

Өзіміздің онсыз да уақытымыз жоқ енді күйеулерімізге әйел іздеп жүреміз бе?! Желіде отырып қайдағы нәрселерді жазады. Бұл да бір хайптың бір түрі шығар. Өйткені қазақта екі әйел деген шу болып кетеді ғой. Екіге бөлініп алып қызу талқыға түседі. Сәуленің бұлай айтуы артық деп санаймын.

сауле абединоваАйна Досқызы: 

- Менің күлкім келеді. Бұндай ақымақтыққа қалай жауап айтарымды да білмеймін. Оның жазбасын оқыдым. Әр көрген сайын күлкім келеді. Ал жарайды, қазақтың саны 30 миллион болсын. Бірақ біздің жағдайымыз сол күйінде қалады ғой. Саны көп сапасы аз болғанын жаным сүймейді. Бұлай жазудағы мақсат не? Жай ғана санды көбейту ма? 

Ұйғырлар мен дүнгендерді айтып салыстырғанша, экономикасы тұрақты дамып жатқан елдерге қарап, неге сондай болуға ұмтылуды айтпайды?! Ұйғыр, дүнген екі қатын алып көбейіп жатыр дегенге ориентир ұстап қалғанбыз. Мысалы, Жапониядағы салынып жатқан құрылысқа қарап сондай болуға неге ұмтылмаймыз? Арабтардан кембіз бе, солар құсап өмір сүрейік деп неге айтпасқа?! Өздері екі миллион шығар. Сырттан келіп жұмыс істеп жатқан адамдар қаншама?

Одан кейін екі әйел алу бұрынғы қазақтардың дәстүрі емес, дінде рұқсат етілген. Бұрынғы қазақтар да екінші әйелді қараптан қарап еріккеннен алмаған. Оған өзіндік маңызды себептері болған. Жағдайы жетіп, екі әйел алған күннің өзінде екеуіне теңдей қарауға міндетті болған. Бірінші әйеліне киім алдың ба, екіншісіне де дәл сондай алып беру керек. Егер тоқал алуды нақты қолға алу керек болса, еш кедергіз келісуге болады. Бірақ барлығын ескере отырып жасаған дұрыс. Сәуле менен үлкен адам екені түсінікті. Сондай жастағы адам осындай ақыл айтар болса не айтарымды білмеймін. 

Талқылау