Сауль Альварес Головкинмен айқасу үшін Лас-Вегасқа келді (фото)
Екі салмақ категориясы бойынша әлемнің экс-чемпионы мексикалық Сауль “Канело” Альварес (49-1-1, 34 КО) Лас-Вегасқа келді. Мұнда ол 16 қыркүйек күні WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығады.
Фото: boxingscene.com
Бұл туралы BoxingScene.com хабарлайды.
20 мың көрермен сыятын T-Mobile-аренадағы бокс кешінің басты жекпе-жегі Альварес пен Головкин арасында өтеді.
Жекпе-жек PPV ақылы жүйесі арқылы АҚШ пен Ұлыбританияда көрсетіледі. Барлық билеттер сатылып кеткендіктен шоу аншлагпен өтеді деп күтілуде.
Кездесуді АҚШ-тың 400 кинотеатры тікелей көрсетеді. Жекпе-жекке америкалық төрешілер бригадасы төрелік етеді.
Оқи отырыңыз:
Ермахан Ыбырайымов: Тәуелсіз ел болмасақ, бұл бокс кеші де болмас еді
Жанқош Тұраровтың қарсыласы рингке қазақтың шапанын киіп шықты
Мамандар: Қанат Ислам Кукке қарсы өзінің карьерасындағы ең үздік жекпе-жегін өткізді
Талқылау