"Канело" мен Мунгия шулы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Сауль “Канело” Альварес жерлесі Хэйме Мунгияға қарсы жекпе-жек алдында салмақтан өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Mma.metaratings.ru
Әлемнің ең үздік боксшысы саналатын Сауль Альварес (60-2-2, 39 KO) 5 мамырда өзінің отандасы Хэйме Мунгияға (43-0, 34 КО) қарсы жұдырықтасады. Қос спортшы шулы жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз түйістірді. “Канелоның” салмағы 75,7 келіні көрсетсе, Мунгия 75,9 келі шықты. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін жекпе-жекте спортшылар супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атағын сарапқа салады. Бокс мамандарының пікірінше, бұл жекпе-жекте “апсет” тіркелуі әбден мүмкін. Дегенмен кездесудің басты фавориті ретінде “Канело” саналады. Жанкүйерлер бұл жекпе-жекті “Хабар” арнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.
Сауль Альварес қауіпті қарсыласпен жұдырықтаспас үшін аса ірі көлемдегі қаржыдан бас тартқан
Айта кетейік, “Канело” кейінгі жекпе-жегін 2023 жыдың қыркүйегінде Джермелл Чарлоға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жетсе, Хэйме Мунгия 2024 жылдың басында “Канелодан” жеңілген Джон Райдерді нокаутпен жеңген еді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
