Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәтпаевта ер адам подъезде қызға шабуыл жасап, зорламақ болған (видео)

Фото: Видеодан скрин

Сәтпаевта ер адамның подъезде қызға шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан қыздың подъезге кіріп, пәтеріне беттеп бара жатқанына көруге болдаы. Ол соңынан ер адамның ілесе кіргенін байқамаған болса керек. Ер адам қыздың басынан ұстап, аузын қолымен жауып, баспалдақтың астына сүйреп әкетті. 

Бірде қыздың жанұшыра шыңғырған даусы естілді. Қыз онымен арпалысып жатқанда ер адам подъезден қашып шығып кетті. Көп ұзамай қызға бірінші қабатта тұратын әйел көмекке келді. Жәбірленушінің сөзінен кейін ол ер адамның соңынан іле-шала сыртқа шықты. 

Белгілі болғандай, ер адам қызды зорламақ болған.

Болған жағдайға қатысты Ұлытау облысының полицейлері түсініктеме берді. Полицияның мәліметінше, олар күдіктіні ізін суытпай ұстаған.

“Сәтбаев қаласы полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында, күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.

 

Айым Болатқызы
Жұма, 23 Мамыр, 2025 08:55
Талқылау