Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сатып алған қантымыз құм аралас болып шықты: Алматы облысының тұрғындары зауытқа наразылық білдірді

Алматы облысының тұрғындары Ақсу қант зауытының өніміне шағымдануда. Тәттінің іші толған қоқым, жеуге келмейді. Шыны ыдыстың түбіне тұнба тұнса да, амалсыз тосап қайнатып, кампот жаптық деген шағымдарын айтты олар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  

Ақсу ауданына қарасты Алтынарық ауылының тұрғындары зауыттан екі тонна қант сатып алған екен. Қабымен өзара бөліп алып, тосап қайнатамыз деп сақтап қойған. Қызықтың көкесі мөшекті ашқаннан кейін басталған. Бір емес, екі емес, барлығының қанты осылай қоқым аралас болып шыққан. Суға салсаң түсі бірден қарайып, түбіне тұнба тұнып қалатын көрінеді.

"Екі мөшектен, үш мөшектен алды. Бір айдай тұрды. Одан кейін қолдандық. Бетінде топырақ шығып тұр. Сары өріктің тосабы қоңыр болып тұр", - дейді Раушан Сызанбаева. 

"Ақсу қант зауытынан қант алдық. Содан шырын қайнаттым. Қаншама қоқым шықты. Қара халықты алдап. Бұл біздің қыстық азығымыз ғой", - дейі Нұргүл Саябаева. 

Ал талдықорғандық Сейітқазиновтар отбасы қаладағы супермаркеттердің бірінен бес мөшек қант алған. Енді сол қантты амалсыз илеуіштен өткізіп, тұтынуға мәжбүр. Оның өзінде қоқымы кетпейді екен. 

"Бір мөшегін он мыңға алдық. Сыртында ақ қант деп жазылып тұрды. Кері айырбастамаймыз дейді", - деп ашынды олар. 


Елді әбігерге салған бұл мәселе жайлы Ақсу қант зауыты басшылығынан сұрап білдік. Айтуларынша, бұл үшінші сұрыпты қант екен. Өз бабына келтірілмеген өнім нарықта сатылмауы керек. 

"Қант сату басталған кезде, бабына келтірілмеген қант сатады. Біз оны омарташыларға береміз. Мұндай жағдай алып-сатарлардың кесірінен болады деп ойлаймыз", - дейді зауыттың техникалық директоры Жандос Баймұхамбетов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр