Сати Казанова: Мен йогамен айналыссам да, мұсылман болып қала беремін
Сати Казанова бірнеше жылдан бері йогамен айналысып келеді. Осыдан кейін көпшілік оны басқа дінді қабылдады деп ойлаған-ды. Алайда әншінің өзі мұсылман болып қала беретінін айтты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші соңғы 5 жылдан бері йогамен айналысып, оның белгілі бір түрін жарнамалап келеді. Бұған инстаграм парақшасындағы суреттері мен видеолары да дәлел. Десе де оның өзі жұрт ойлағандай басқа дінге кіріп кетпегенін айтып жатыр.
«Көпшілік адам үшін менің рухани жолым ерекше болып көрінетінін білемін. Десе де, мен бұрынғыдай мұсылман болып қала бермекпін. Менің басқа дәстүрлерге деген қызығушылығымды адасушылық деп қабылдамаңыздар. Бұл керісінше менің дінімнің кеңейгені», – дейді Сати Казанова.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева: Әлсіз еркек әйелді кінәлайды
Қызы Баян Есентаеваның киімдерін киіп жүр (фото)
КешYou тобының жаңа бейнебаяны плагиат болып шықты (видео)
Ғалымжан Молданазардың жаңа бейнебаяны адамдардың жүрегін елжіретті (видео)