Сәтбаевта зорланған бес жасар қыздың жағдайы белгілі болды
Сәтбаевтағы 62 жастағы азаматтың пәтерінен табылған бес жасар қыздың жағдайы жақсарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Бүлдіршіннің ата-анасы сол күні баланы іздеуге шыққан халыққа алғыстарын білдірді.
Кішкентай қызға қазір дәрігерлер мен психолог мамандар көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, Сүлеймен отбасының мүшелері баланың денсаулығын қалпына келтірудегі барлық шығынды өңірдегі ірі компаниялардың бірі өз мойындарына алғандарын айтады.
- "Қызды ақ матаға орап алып шықты": Сәтбаев тұрғындары елді дүрліктірген оқиғаның қалай өрбігенін баяндады
- Сәтбаевта 5 жасар бүлдіршінді ұрлаған күдіктіні қандай жаза күтіп тұр? Адвокат жауап берді
Әлеуметтік желіде жазба қалдырған қыздың ата-анасы еріктілерден қаржы жинауды тоқтатып, әзірге мазаламауды өтінеді. Өйткені қазір ең бастысы баламыздың денсаулығын қалыпқа келтіру дейді.
Еске салайық, шілденің 23-нен 24-не қараған түні Сәтбаев қаласында бес жасар қыз жоғалып кейіннен пәтерде табылған болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”