Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәтбаевта бір топ жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші 20 тәулікке қамалды

видеодан скрин

Сәтбаев қаласында бір топ жасөспірімді қағып кеткен жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Оқиға 25 мамыр күні кешке қаладағы дәмханалардың бірінің маңында болған. Жеңіл көлік жүргізушісі жолдан шығып кетіп, жол жиегінде тұрған адамдар тобына соғылған. Бірнеше адам шетке секіріп үлгерсе, екі адам жерге құлаған. 

Полицияның мәліметінше, көлік жүргізушісі мас күйде болған, ол ұсталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Ұлытау облыстық сотының мәліметінше, жол апаты салдарынан үш жасөспірім дене жарақатын алған, сондай-ақ материалдық шығын келтірілген.

Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.

Еске салсақ, бұған дейін Сәтбаевта көлік жүргізуші қатты жылдамдықпен жол шетінде тұрған жасөспірімдерді қағып кеткені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 27 Мамыр, 2025 19:01
Талқылау