Сары шашты қыздың елесі: БҚО полициясы Ханкөл ауылындағы "арнайы операцияны" аяқтады
Батыс Қазақстан облысының полицейлері өңір басшысының және полиция департаменті бастығының міндетін атқарушының тапсырмасы бойынша атқарылған ауқымды жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жұмыс дәлелі ретінде тәртіп сақшылары бейнеролик жариялады. Полиция департаментінің ресми өкілі түсініктеме берді.
"Қаратөбе полиция бөлімінің қызметкерлері елес түсірілген бейнероликті таратушыларды анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Видео 11 ай бұрын желідегі арналардың бірінде жарияланғаны белгілі болды. Актив жиналды. Адамдар жергілікті тұрғындардың ешқайсысы елес көрмегенін атап өтті. Біз қауесет таратушыларды анықтау бойынша жұмыс жүргіземіз", - деді Болатбек Белгібеков.
Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің басшысы Роман Дүйсеғалиев өңір тұрғындарын үрейленбеуге шақырды.
"Видеоның Ханкөл ауылына ешқандай қатысы жоқ. Бұл жалған ақпарат. Адамдар жалған хабарламаларға сенбеуі керек", - деп атап өтті ол.
Бұған дейін Ханкөл ауылының тұрғындары сары шашты қыздың елесі бүкіл тұрғындарды қорқытқанын айтқан болатын. Олардың айтуынша, елес терезелерді қағып, тасжол бойымен жүріп өтіп бара жатқан көлік жүргізушілерін шошытады.
Ауыл әкімі жергілікті имаммен және ақсақалдармен бірге, тіпті, зұлым рухтардан құтылу үшін құрбандық шалу рәсімін жасады.
Одан кейін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев полиция қызметкерлерін Ханкөл ауылына жіберді.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
