Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы: «Допинг қолданған» Альвареспен жекпе-жекке шығу Головкиннің өміріне қауіп төндіруі мүмкін

Америкалық боксшы әрі CBS Sports сарапшысы Пол Малиньяджи мексикалық боксшы Сауль Альварестің допинг дауына байланысты спорттан шеттетілуіне қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Малиньяджидің пікірінше, боксшылардың қарымта кездесуі өтуі мүмкін. Алайда мұның қаншалықты дұрыс екенін айта алмады.

«Егер жекпе-жек өтпейтін болса, Головкин тәуекелге бел байлап, үлкен гонорардан бас тартады деп ойламаймын. Сондықтан бұл Головкин үшін де қиын жағдай.

Бұл мәселенің екінші жағын айтар болсам, егер допинг қолданған боксшымен айқасқа түссең, өміріңді, денсаулығыңды қатерге тігесің. Себебі сені қатты ұрып тастағаннан кейін, бұрынғы күйіңе келе алмайсың», – дейді спортшы.

Оқи отырыңыз:

Боксшы Арман Рысбек аргентиналық қарсыласын нокдаунға, артынша нокаутқа жіберді (видео)

«Канелоның» салмақ өлшеу алдында дәрі ішіп жатқан сәті түсіп қалған видео желіде тарап кетті (видео)

«Astana Arlans» боксшылары «Indian Tigers» командасын тізе бүктірді

Иван Дычко жеңіліп көрмеген америкалық боксшыны бірінші раундта нокаутқа жіберді (видео)

Талқылау