Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Astana Arlans» боксшылары «Indian Tigers» командасын тізе бүктірді

Бүгін, 24 наурызда, Үндістанның Рохтак қаласында WSB Дүниежүзілік бокс сериясы өтті. Бокс кешінде «Astana Arlans» командасы «Indian Tigers» командасымен кездесу өткізді.

Бұл туралы SPORTINFORM агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандық Теміртас Жүсіпов (49 кг) пен үндістандық Шиам Кумар Какара алғашқы болып жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде Жүсіпов қарсыласын 2:1 есебімен жеңді.

Мұнан кейін Нұрсұлтан Қосшығұлов пен Эташ Хан Мухаммед айқасқа түсіп, қазақстандық боксшы 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Ал Ділмұрат Мижитов үндістандық Дхеерайдфті 2:1 есебімен жеңіп кетті.

Сонымен қатар Әбілхан Аманқұл үндістандық былғары қолғап шебері Ашиш Кумармен жекпе-жекке шығып, қарсыласын тізе бүктірді..  Нәтижесінде «Astana Arlans» командасы 3:1 есебімен мерзімнен бұрын жеңіске жетті.

Ал үндістандық Санджет Санджетпен айқасқан отандасымыз Әбілхайыр Тұрланбек есе жіберді.

Осылайша қорытынды есеп 3:2 болып, отандастарымыз жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз:

Иван Дычко жеңіліп көрмеген америкалық боксшыны бірінші раундта нокаутқа жіберді (видео)

Головкин мен «Канело» реваншы өтпеуі мүмкін: Альварес допинг дауы үшін жекпе-жектерден шеттетілді

Қазақстан құрамасының бапкері: Ойын нәтижесі мені соншалықты қызықтырған жоқ

Қазақстан футбол құрамасы Венгрия командасын жеңіп кетті (фото)

Талқылау