Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар: Зейнетақы жинақтары алынса, пәтерлер бағасы 5% - ға қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы өсуі мүмкін. Риэлторлардың болжамы бойынша, БЖЗҚ салымшыларына жинақ ақшаларын мерзімінен бұрын бере бастаса, шаршы метр 5%-ға қымбаттайды. Жақында Еңбек министрлігі зейнетақының бір бөлігін 720 мың адам ала алады деп мәлімдеді. Осы кезде көп адам тұрғын үй жайларын жақсартқысы келеді. Содан кейін шаршы метрдің бағасы көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп.

Қарағандылық 33 жастағы Екатерина Сухачева бірнеше жылдан бері алғаш рет өзінің зейнетақы жинағын тексерген. Ақшаның бір бөлігін үй сатып алуға жұмсауға рұқсат етіледі деген жаңалық көңілге қуаныш ұялатқаны бекер болып шықты, дейді ол. Әйелдің есепшотында 12 жылдық тәжірибесімен, бір жарым миллион теңге де болмай шыққан. Оның жасына сәйкес, БЖЗҚ-да қалуы тиіс сома 3 миллионға жуықтайды.

"Жинақтарымды тексергеннен кейін маған өте көп сома жетіспейтініне қатты таң қалдым. Мендегі бары шамамен 1300 миллионға жуық. Мен баспана алғым келді.  30-жасымда әлі де ата-анаммен бірге тұратындықтан үй алғым келген. Шекті соманы төмендету керек деп санаймын", - дейді Екатерина Сухачева.

Қазақстандық экономистер «жеткіліктілік шегін» төмендету қажеттілігі туралы да айтады. Экономист Арман Бейсембаев әркім өзінің жинақ ақшасының кем дегенде бір бөлігін шоттан алуға құқылы екенін айтады. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, бұл ақшаны адамдардың қайда жұмсағанын тексеру қажет емес. Бұл жағдайда ресми бухгалтерлік құжаттарда көрсетілмеген қолма-қол қаражат берумен айналысатын кассалар да пайда болуы мүмкін, дейді ол.

"Егер бұл мақсатты аударма арқылы, қандай-да бір мақсатпен жүзеге асырылса, ал БЖЗҚ өзінен компанияға белгілі-бір мөлшерде төлесе - бұл жағдайда тәуекел бар, мұндай жағдайда ақша жасайтын кассалардың пайда болу ықтималдығы бар",- дейді Арман Бейсембаев, экономист.



"Маған белгілі бірыңғай нормативтерді бекіту өте қиын болып көрінеді. Мысалы, егер ақша пәтерді жөндеуге берілсе, онда ол қалай бөлінеді, қандай мөлшерде, қалай анықталады, бақыланады, мұнда алдаудың өте жақсы мүмкіндіктерін көп сияқты", - дейді Айдар Әлібаев, Зейнетақы қорлары қауымдастығының экс-төрағасы.

Жылжымайтын мүлік сатып алу үшін зейнетақы ақшасын алу мүлдем басқа мәселе. Мұнда рәсім әлдеқайда жеңіл. Алайда қазақстандық риэлторлар екінші деңгейлі тұрғын үй қымбаттауы мүмкін деп санайды. Жоғары сұраныс жоғары бағаларға әкеледі, дейді мамандар.

"Жылжымайтын мүлік бағасының өсуі - бәрі жасанды болады. Біздің жылжымайтын мүлік нарығы қандай: меншік иесі жоғары бағамен сатқысы келеді, ал сатып алушы, әдетте, арзан бағамен сатып алғысы келеді. Қымбаттау 5%-ға жетуі мүмкін", - дейді Айнұр Құдайбергенова, жылжымайтын мүлік агенттіктері тобының бас директоры.

БЖЗҚ салымшыларының тек үш санаты ғана жинақтың бір бөлігіне қол жеткізе алады, яғни бұл 700 мың адамнан сәл асады. Қазақстандықтардың сұранысы бойынша қалуы керек соманың мөлшері азайтылып, не айзайтылмайтыны әзірге белгісіз.

Шоттардан ақшаны жаппай алатын жағдайда, сарапшылар ел экономикасына қауіп төнуі мүмкін деп болжайды. Еңбек министрлігі барлық тәуекелдерді есептеп, осы жылдың соңына дейін мәселені нақтылауға уәде береді.

Талқылау