Сарапшы коронавирус қауіпті инфекцияға түрленеді деген мәліметті жоққа шығарды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы коронавирус уақыт өте түрленіп, қауіпті вирусқа айналады деген пікірді жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы New York Post басылымында жарияланды.
Эпидемиолог Мария Ван Керкховтың сөзінше, коронавирус тұмау вирусы секілді өзгереді екен.
"Инфекцияның ауыр әрі жұқпалы індетке айналып кетуі туралы еш дәлел жоқ", - дейді маман.
Десек те ол пандемияның жақында аяқталмайтынын алға тартты. Айтуынша, халықтың жалыққанына қарап елдегі карантин режимін бәсеңдетудің қажеті жоқ көрінеді.
Еске салайық, бұған дейін коронавирустың жаңа қауіпті мутациясы табылғаны жайлы айтылған еді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ