Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы: Адамзат бұдан былай қол алысудан түбегейлі бас тартуы керек

АҚШ-тың жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы COVID-19 пандемиясынан кейін планетаның барлық тұрғындары кей әдеттерін өзгертуі керек екенін айтты. Атап айтқанда, қол алысудан біржолата бас тарту керек деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Time-ға сілтеме жасап.

Аллергия және жұқпалы аурулар ұлттық институтының директоры Энтони Фаучи қол алысу дәстүрі өткен заманда қалып, пандемиядан кейін де тіршілікке қайтып енбеуі керек деген пікір білдірді. Оның айтуынша, коронавирустан кейін енді бұл ым-ишараға орын жоқ.

«Менің ойымша, біз қазіргі кездегідей әлемдік деңгейдегі апаттық жағдай туралы түсінікті мәңгілікке сақтаймыз және келер буынға жеткіземіз. Бұл түсінік бізге мағынасыз тарихи ишараларден бас тартуға сеп болуы керек, себебі бұл респираторлық аурулар тарайтын ең тиімді тәсіл», - деді Фаучи.

Маманның айтуынша, "әкел бесті" деген атаумен белгілі қол шапалаққа қарағанда, қол алысу екі есе көп бактерияға жол береді. Ал жұдырықтаса жанасу бактериялардың берілуін 90 пайызға төмендетуі мүмкін.

Қол алысудан бас тарту аурудың таралуын төмендететініне Жапонияның COVID-19-бен күресі мысал бола алады.

«Жапонияда адамдар бір-біріне қол тигізбейді. Қол алысу, құшақтасу және жай ғана қол тигізу тек жақын адамдар арасында рұқсат етіледі», - деп қорытындылады коронавирус комиссиясының басшысы.

Талқылау