Сара Тоқтамысова Айгүл Иманбаеваға өлең арнады
Бүгін әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның туған күні. Бұл орайда 40-тың қырқасына шыққан өнер иесін желіде әріптестері жарыса құттықтап жатыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Мәселен, белгілі әнші Сәкен Майғазиев әріптесіне деген ақ тілегін былай жеткізді.
Ал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова Айгүл Иманбаеваға өлең арнады:
“Мекен еткен хас өнердің айдынын
Өзің жаным əйгіліден Əйгілім!!!
Жаңа жасың құтты болсын алтыным
Туған күнің құтты болсын, Айгүлім!
Күн күн болмас шұғыласын шашпаған
Гүл гүл болмас ақ қауызын ашпаған!!!барлығына мейірімін төгетін
Сенің жаның бөлек екен басқадан
Сенің жаның батыл əрі қайсарлы
Сенің жаның салмақты əрі байсалды!
Өмірге де, өнерге де аңсарың
Махаббатың маған тəтті ой салды
Мұң бар ма екен сен көрмеген, сезбеген
Ғалам бар ма сен қиялмен кезбеген?!
Елі сүйген ер еркесі өзіңді
Жақсы көрем, ерек көрем өзгеден”.
Жіберіп алмаңыз:
Айгүл Иманбаева “Сәбитпен қайта қосылды” дегендерге жауап берді
Жігер Ауыпбаев күзетші болып жұмыс істеп жүрген жерінен ұсталып қалды (видео)
Димаш қатысып жатқан “I am a Singer” жобасы отандық телеарнадан көрсетілетін болды (видео)
Тоқтар кезінде Бейбітке көзі түскен белді тұлғалар туралы бар шындықтың бетін ашты