Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

Фото: Facebook.com/bobek.samopoznanie

Сара Назарбаева қазір президент әкімшілігіндегі медициналық орталықтың Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

5 мамырда Сара Назарбаеваның ауыр халде жатқаны туралы ақпарат тараған еді. 

“Барлық медициналық шаралар бекітілген медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес және білікті мамандардың бақылауында жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Ұлттық госпиталь. 

Сонымен қатар медициналық мекеме әкімшілігі қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, пациенттің диагнозы, денсаулық жағдайы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы мәліметтер медициналық құпия екенін атап өтті. Науқастың денсаулық жағдайы тек пациенттің өзі келісім берген жағдайда немесе заңда көзделген өзге де негіздер бойынша ғана жарияланады.


Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірді


Желіде Сара Назарбаеваның көз жұмғаны туралы ақпарат тарады


“Сондай-ақ медициналық этика қағидаттары мен кәсіби жауапкершілікке сәйкес, медициналық ұйымдар жеке медициналық деректермен жұмыс істегенде оны құпия сақтауға міндетті. Ақпаратты жария етпеу туралы шешім тек науқастың өз мүддесіне сай, оның жеке өміріне құрмет көрсету, құпиялық құқығын қамтамасыз ету және емдеу процесіне араласудан қорғау мақсатында қабылданды", – деп мәлімдеді медициналық мекеме.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025 11:55
Талқылау