Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сара Назарбаеваның не үшін ауруханаға түскені белгілі болды

Сара Назарбаева ауруханадан шығарылдыФото: facebook.com/bobek.samopoznanie

Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі Айдос Үкібай жақында ауруханадан шыққан Сара Алпысқызының денсаулығы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айдос Үкібайдың айтуынша, Сара Назарбаева инфаркт алған.  

“Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталінде емделіп жатты. Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады. Ол ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болды.”, – делінген хабарламада. 



Биыл қаңтар айында жағдайының тұрақтануына байланысты стационарлық емдеу кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматы қаласында үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында. 

Еске салсақ, бұған дейін Сара Назарбаеваның ауруханадан шыққаны туралы хабарлаған едік. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 11 Ақпан, 2026 16:25