Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев президент екеуінің арасында болған әңгімені көпшілікке айтты

Облыс әкімінің айтуынша, президент Ақтөбедегі Шығармашылық академиясын көріп, таңғалысын жасырмаған.

Бұл туралы aktobenews.kz жазады.

«Кешегі іссапарда президент өңірдегі білім саласы жөнінде сұрақтар қойды. Білім саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуда, мұғалімдерге тиісті жағдай жасауда қандай шаралардың қолға алынғанын сұрады. Мұғалімдердің жалақысы, қажетті оқулықтар, әдістемелік кітаптар жайында сөз қозғады. Бұл президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлеуметтік саланы ойлайтындығын көрсетеді. Өйткені, әлеуметтік сала қазақстандықтардың әл-ауқатына әсер етеді», — деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мұғалімдердің алдында.

Облыс әкімінің сөзінше, елдегі «Болашақ» секілді мемлекеттік бағдарламалар, облыс орталықтарында Назарбаев зияткерлік мектебінің салынуы, мектептердің жаппай бой көтеруі — мұның барлығы білім саласын дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, Ақтөбедегі Шығармашылық академиясын көрген Елбасы таңданысын жасырмаған.

«Астанадан кейін Ақтөбедегі Шығармашылық академиясы екінші орында тұр деп нық сеніммен айта аламын. Біздің балалар дүниетанымы, өз-өзін дамытуы жағынан басқа балалардан кем болмауы керек», — деген өңір басшысы Ақтөбеде сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалғанын алға тартты.

Айта кетейік, кеше Шығармашылық академиясында Бердібек Сапарбаев мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Оқи отырыңыз:

Бауыржан Байбек ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Нығматулин министрге: Заң жобасына сенеміз бе, әлде сіздің жауабыңызға ма?

Ел тұрғындары жылуға 10 миллиард теңге қарыз

Доллар тағы да қымбаттады

Талқылау