Санкт-Петербургте қомақты қаржы ұрлаған қазақстандық топ-менеджер ұсталды
2 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында халықаралық іздеуде жүрген топ-менеджер ұсталды. Оған бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша айып тағылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 78.ru басылымына сілтеме жасап.
Ер адам 2013-2021 жылдары елдегі "First Heartland Jusan Bank" АҚ топ-менеджер болып қызмет етіп, компания мүлкін ұрлаған. Келтірілген жалпы шығын 11,3 миллион рубль деп бағаланған.
Ұсталған ер адам Шығыс Қазақстан облысы экономикалық тергеулер департаментіне тапсырылды. Оған күзетпен ұстау бұлтартпас шарасы тағайындалды.
Еске салайық, ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтың інісі Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған кезінде ұсталған еді. Оған ірі көлемде пара алды деген айып тағылған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”