AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 1,1 миллиард теңге бюджет қаржысын жымқырды деген екі күдіктіге іздеу жарияланды

Қазақстанда 1,1 миллиард теңге бюджет қаржысын жымқырды деген екі күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

афм розыск 2022

"Қаржы мониторингі кәсіпкер Жексенғалиев А.Б.-ға іздеу жариялады. Ол алдын ала келісім бойынша бір топ адамдармен бірігіп, аса ірі сома 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған", - делінген дүйсенбі күні жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Қазақстан Республикасының азаматы Медетбеков Е.Қ.-ға іздеу жарияланып, оны қамауға алу туралы сот санкциясы шығарылған.

Қаржы мониторингі іздеу жарияланған азаматтардың мекен-жайы бойынша кез келген ақпарат туралы +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарлауды сұрайды.

"Іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат үшін ақшалай сыйақы қарастырылған, барлығы құпия болатынына кепілдік беріледі", - деп сендірді агенттік.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр